Алматы қаласының спорт ардагерлері Одағы
Алматы қаласының спорт ардагерлері кеңесі – бұл Алматы қаласындағы спорт ардагерлерінің құқықтары мен мүдделерін қолдау және қорғау мақсатында құрылған ұйым

Ұйым спорт ардагерлеріне әлеуметтік қорғау көрсетіп, тұрмыстық мәселелерін шешуге жәрдемдеседі, заңдық көмек береді

Одақтың негізгі міндеттері – ардагерлердің рухани-адамгершілік қағидаттарын сақтау және нығайту, олардың қоғамдық белсенділігін арттыру, спорт ардагерлерінің ел дамуына қосқан үлесіне қоғамның құрметпен қарауын қамтамасыз ету

Ардагерлердің өмір сүру сапасын жақсартуға ұмтылатын Алматы қаласының спорт ардагерлері кеңесі олардың өміріне қолайлы жағдай жасау үшін әртүрлі ұйымдармен және билік құрылымдарымен ынтымақтаса жұмыс істейді
Біздің жаңалықтар
    СПОРТ - МӘҢГІ

    Қош келдіңіздер!
    Бұл – спорт ұрпақтарды біріктіретін сайт.
    Біз – өмірін дене шынықтыруға, жарыстарға және салауатты өмір салтына арнаған спорт ардагерлерінің қауымдастығымыз
    «Қазақстандық спорт ардагерлері Одағы» 2025 жылы республикалық Қоғамдық Бірлестік ретінде құрылды.
    Оның құрамына еліміздің спорт саласының дамуына және халықаралық аренада беделінің артуына айрықша үлес қосқан даңқты спортшылар, жаттықтырушылар, төрешілер және қоғам қайраткерлері кіреді.

    Ұйым бір топ спорт ардагерлерінің бастамасымен және ҚР Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен құрылды.
    БІРЛЕСТІКТІҢ МАҚСАТ-МІНДЕТТЕРІ
    • 1. Тәлімгерлік
      спорт ардагерлері мен жас спортшылар арасында тәлімгерлік жүйесін құру. Ұлттық құрама мүшелеріне Олимпиада ойындарына, әлем және Азия чемпионаттарына дайындық барысында кәсіби кеңес пен бағыт-бағдар беру.
    • 2. Әлеуметтік қолдау
      спорт ардагерлерінің әлеуметтік жағдайын зерделеу және жан-жақты көмек көрсету. Ардагерлердің мерейтойларын лайықты деңгейде өткізуге атсалысу. Өмірден өткен ардагерлердің отбасыларына қамқорлық көрсету
    • 3. Спорттық іс-шаралар
      спорт федерацияларының қолдауымен республикалық спартакиадалар, турнирлер және форумдар ұйымдастыру. Ардагерлердің республикалық, әлемдік және азиялық жарыстарға қатысуына жағдай жасау.
    • 4. Спорт мұрасын сақтау
      Қазақстанда «Спорт Даңқы» музейін ашу
    • 5. Филиалдар желісін дамыту
      Бірлестіктің қызметін кеңейту және тиімділігін арттыру мақсатында еліміздің негізгі қалалары мен өңірлерінде филиалдар құру
    Галерея
    Атқарушы комитет, Ардагерлер
    • Кургамбаев Айталап Калабаевич
      Басшы
    • Теплюков Степан Петрович
      Басшы орынбасары
    • Ибраев Дастан Қасқырбайұлы
      Хатшы
    • Хван Май Унденұлы
      КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстан спорт және туризм академиясының профессоры, биология ғылымдарының кандидаты. Қазақстандағы алғашқы коньки тебу спорты бойынша спорт шебері.

    • Каримжан Балтабайұлы Абдрахманов
      Кеңестік боксшы. 1984 жылдан 1991 жылға дейін КСРО құрамасының мүшесі болған. 1985 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері, 1986 жылғы Ізгі ниет ойындарының күміс жүлдегері, «Достық-84» халықаралық турнирінің күміс жүлдегері, КСРО-ның екі дүркін чемпионы (1984, 1990) — 48 кг дейінгі салмақ дәрежесінде әуесқойлар арасындағы жарыстарда. КСРО-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Спорттық мансабын аяқтаған соң бокстан жаттықтырушы болып жұмыс істейді. AIBA халықаралық санаттағы төреші.
    • Алексей Аселдерұлы Атаев
      Спорт шебері. КСРО және ҚазКСР-дің еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
    • Ислам Ілиясұлы Байрамұқов
      Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. 2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, XII Азия ойындарының (Хиросима) қола жүлдегері, Азия чемпионы (Гуйлинь, 2000), Орталық Азия ойындарының чемпионы (1995).
    • Баркова Галина Васильевна
      Спорттық гимнастика бойынша ҚазКСР-дің еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
    • Владимир Анатольевич Вохмянин
      Кеңестік және қазақстандық оқ ату спортының өкілі, 1992 жылы Барселонада және 1996 жылы Атлантада өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1992).
    • Виктор Леонидович Демьяненко
      Жеңіл салмақта өнер көрсеткен кеңестік боксшы. 1970-жылдардың екінші жартысы мен 1980-жылдардың бірінші жартысында КСРО құрамасында өнер көрсетті. Мәскеуде өткен жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Еуропа чемпионы, бірнеше мәрте КСРО біріншілігінің жеңімпазы және жүлдегері. «Динамо» спорт қоғамының өкілі, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1989).
    • Сергей Михайлович Дроздов
      қазақстандық су добынан спортшы және жаттықтырушы. Ресей кубогының екі дүркін иегері (2004, 2007). Ресей чемпионы (2009). Израильдің үш дүркін чемпионы және Израиль кубогының үш дүркін иегері.
    • Ермахан Сағиұлы Ибраимов
      Қазақстандық әуесқой боксшы, 2000 жылғы Олимпиада чемпионы, 1996 жылғы Олимпиада ойындарының және 1997, 1999 жылдардағы әлем чемпионаттарының жүлдегері. КСРО спорт шебері (1988), халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері (2000), сондай-ақ бокстан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
    • Ерванд Тихонович Ильинский
      Кеңестік және қазақстандық альпинист, жаттықтырушы. Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы — әлемде алғаш рет Жер шарындағы барлық 14 сегізмыңдық шыңды бағындырған команда (1991–2010). Эверест шыңын бағындырған (1990) және Қазақстандағы алғашқы «Жеті шың» клубының мүшесі (2007).
      КСРО спорт шебері (1968). КСРО чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері. 1973 жылдан бастап САВО СКА альпинизм бойынша аға жаттықтырушысы.
      ҚазКСР-дің еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1975), КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1979), КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1982).
    • Александр Михайлович Ионкин
      КСРО-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері (допты хоккей және шайбалы хоккей).
    • Серік Керімбекұлы Қонақбаев
      Кеңестік боксшы және Қазақстанның қоғам қайраткері. 1980 жылы Мәскеуде өткен жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, 1982 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Әлем кубогының екі дүркін иегері (1979, 1981), Еуропаның екі дүркін чемпионы (1979, 1981). 1981 жылы әлемнің ең үздік әуесқой боксшысы атанған. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің 2–4 шақырылымдарының депутаты (1999–2011).
    • Килимов Асылбек Сақтапбергенұлы
      Кеңестік және қазақстандық боксшы. 1984 жылғы КСРО Олимпиадалық құрамасының мүшесі. КСРО-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері (1984). Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1991).
    • Құлназаров Анатөлі Қожыкенұлы
      Мемлекет және қоғам қайраткері, КСРОның, Казахстанның еңбек сіңірген жатықтырушысы,ғылым докторы, Туризм және спорт Министрдің, Ұлттық Олимпиада комитеттінің орынбасары, Спорт Комитетінің төрағасы болған
    • Юрий Васильевич Мельниченко
      Қазақстандық грек-рим күресінің балуаны, жаттықтырушы. Азияның екі дүркін чемпионы (1996, 1997), әлемнің екі дүркін чемпионы (1994, 1997), Олимпиада чемпионы (1996). Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
    • Болат Кеңесбекұлы Ниязымбетов
      Бокстан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, 1996 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.
    • Аскар Сабалақұлы Оразалинов
      Су добы бойынша Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
    • Құралбек Досжанұлы Ордабаев
      Кеңестік футболшы, қақпашы, қазақстандық футбол маманы және жаттықтырушы, КСРО спорт шебері.
    • Максим Васильевич Рожков
      Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Жеңіл атлетика бойынша (үш қарғып секіру) мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында Қазақстан Республикасының көп дүркін чемпионы, әлем чемпионы. Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2000 — Тайбэй; 2004 — Малайзия).
    • Серікқызы Айсұлу
      ҚССР ХДСШ самбо,ҚССР СШ дзюдо
    • Әмен Елемесұлы Тұяқов
      Қысқа қашықтыққа және эстафеталық жүгіру бойынша кеңестік жеңіл атлет. КСРО чемпионаттарының жеңімпазы және жүлдегері, КСРО-ның алты дүркін рекордшысы, Еуропа кубогының иегері, Еуропа чемпионатының жүлдегері. КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1965), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
    • Ольга Васильевна Шишигина
      Кеңестік және қазақстандық жеңіл атлет, 100 метр қашықтыққа тосқауыл арқылы жүгіруден 2000 жылғы Олимпиада чемпионы және 1999 жылғы жабық кешендегі әлем чемпионы. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері (1999). Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің V–VI шақырылымдарының депутаты (2013–2021).
    • Ю́рий Андре́евич Цхай
      КСРО мен Қазақстанның еңбек сіңірген бокс жаттықтырушысы. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының IV және V шақырылымдағы депутаты.
    • Нелли Алексеевна Щербакова
      КСРО мен Қазақстанның еңбек сіңірген волейбол жаттықтырушысы.
    • Жексембай Нұрлыбайұлы Саламатов
      Қазақстан Республиксына Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, 1999-2008 жылдары Қазақстан дзюдо құрама­сының аға тренері, 2012-2016 жылдары республика әйелдер құрамасының бас бапкері.
    • Таңат Өмірзақұлы Сағындықов
      Қазақстан Республиксына еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
    • Еділов Тұрсынғали Нұржақыпұлы
      Қазақстан Республиксына еңбек сіңірген жаттықтырушысы, спорт шебері, Қазақстан Республикасының үш дүркін чемпионы.
    • Сергей Колос
      Қазақстан Республиксына еңбек сіңірген жаттықтырушы.
    • Тшанов Амалбек Қозыбақұлы
      Мемлекет және қоғам қайраткері,спорт саласының дамуына үлес қосқан қайраткер.
    • Нуров Найль Фаридұлы
      Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ХД төреші
    • Әлім Ілиясұлы Анапьянов
      ҚР еңбек сіңірген спорт қайраткері, спорт журналисі.
    • Баденко Сергей Анатольевич 
      КСРО спорт шебері, Жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, Жоғары санатты ұлттық төреші.
    • Банников Алексей Валерьевич
      Қазақ ССР СШ. 1991 жылдан 2001 жылға дейін фристайлдан абсолюттік чемпион.
    • Казимирчик Галина Викторовна
      Жоғары санатты жаттықтырушы. Керлингтен ҚР СШ.
    • Колмаков Александр Павлович
      Шаңғымен трамплиннен секіруден ҚР ХДСШ, «Екінші санатты жоғары деңгейдегі жаттықтырушы».
    • Курганский Владимир Викторович
      Шаңғымен тұғырыдан секіруден КСРО спорт шебері, Бірінші санатты жоғары деңгейдегі жаттықтырушы.
    • Кучеренко Александр Петрович
      Шаңғы қоссайысынан КСРО спорт шебері, Бірінші санатты жоғары деңгейдегі жаттықтырушы, Жоғары санатты ұлттық төреші.
    • Маркелова Галина Ивановна
      Конькимен мәнерлеп сырғанаудан екінші санаттағы жаттықтырушы.
    • Матюх Елена Ивановна
      Конькимен мәнерлеп сырғанаудан екінші санаттағы жаттықтырушы-оқытушы.
    • Мережин Игорь Васильевич
      Биатлон
    • Розыбакиев Шавкет Анварович
      Конькимен мәнерлеп сырғанаудан жаттықтырушы.
    • Фадеев Алексей Васильевич
      Шорт-трек
    Спорт – мәңгі!

    Мұнда сіз спорттық іс-шараларға, жаттығуларға және пікірлес адамдармен кездесулерге қатысу үшін қолдау, шабыт және мүмкіндіктер таба аласыз.

    Қазақстан спорт ардагерлері одағы қоғамдық бірлестігі
    Демеушілер мен серіктестер
    Бізбен байланысу
    Барлық сұрақтар бойынша өз өтінішіңізді осы форма арқылы жібере аласыз
    Түймені басу арқылы сіз жеке деректерді өңдеу шарттарымен келісесіз.
    Байланыс
    Телефон: +7 727 292 13 50
    e-mail: sportardager.almaty@gmail.com
    Алматы қ., Қ.Сәтбаев к. 29/3, 3-кіреберіс, №7 каб.
    Made on
    Tilda